«Ең алдымен бүгінгі ойын үшін жігіттерге алғыс айтқым келеді. Команда көптеген қауіпті сәттер ұйымдастырып, мінез бен жеңіске деген зор жігер көрсетті. Бірінші таймда қарсылас қақпашысы бірнеше рет командасын құтқарып қалды, алайда екінші таймда біздің ойыншылар, айтқандай, ашылып кетті — өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, нәтижесінде жеті гол соқты.
Әсіресе, ірі есепке қарамастан команданың тоқтамай, тәртіпті ойнап, матчқа берілген тапсырманы соңына дейін орындағаны қуантады. Бұл футболшылардың өз ісіне деген дұрыс көзқарасын және команда ішіндегі жақсы атмосфераны көрсетеді.
Бүгін стадионға келіп, команданы қолдаған жанкүйерлерге де ерекше рақмет. Футболшылар үшін бұл өте маңызды, біз олардың қолдауын әрдайым сезінеміз.
Сонымен қатар Игорь Шацкийдің қайта оралғанына өте қуаныштымыз. Жарақаттан кейін ол біртіндеп бабына келіп жатыр, сондықтан бүгін оған ойын тәжірибесін бердік. Игорь — біздің капитанымыз, команданың маңызды ойыншысы әрі көшбасшысы. Біз оған сенеміз және оны қайтадан футбол алаңында көргенімізге қуаныштымыз.
Біз алға қарай қозғалысты жалғастырамыз, әрі қарай жұмыс істеп, келесі матчтарға дайындалып, әр ойында жеңіске жетуге ұмтыламыз».

Шахтёр
Ақтобе Жас
