Жаңалықтары академия

19 April, 19:33

«ШАХТЕР» U-16 КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ ПАВЕЛ СТЕПАНОВИЧ ЗАЯЦТЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ

Ең алдымен баршаңызды жаңа маусымның басталуымен құттықтаймын!

Жігіттер аздап қобалжығанымен, жақсы талпыныс пен жанкештілік көрсетті. Екі команда да барын салып ойнады, ешкім жеңілгісі келмеді.

Жалпы ойын тең дәрежеде өтті, екі жақ та қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, бір-біріне қиындық туғызды.

Кейбір сәттерде сәттілік бізге серік болды: өз мүмкіндіктерімізді тиімді пайдаланып, бір голға артық соқтық, бұл жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Әрине, нәтижеге ризамын.

Барлық қарағандылықтарды және «Шахтер» жанкүйерлерін осы жеңіспен құттықтаймын!

 

Наверх