Жаңалықтары академия

18 June, 21:20

«ШАХТЕР» W КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ СЕРГЕЙ МИХАЙЛОВИЧ ПОЛЕНОВ:

— Баршаңызды QJ League жаңа маусымының басталуымен құттықтаймын!

Ойынға келер болсақ, матчтың алғашқы минуттарында қыздарымыз ойын ырғағына бірден ене алмай, жоспарланған тактиканы толық орындай алмады. Үзіліс кезінде қажетті түзетулер енгізіп, екінші таймда ойынды өз бақылауымызға алып, жеңіске жеттік.

Ауа райы жағдайы да оңай болған жоқ. Соған қарамастан, қыздар мінез танытып, қойылған міндетті сәтті орындады.

Сондай-ақ «Қайсар» W командасын дебютімен құттықтағым келеді. Қарсылас лайықты ойын көрсетті: футболшылар матч соңына дейін күресіп, әрбір доп үшін тартысты. Бұл команданың болашағы зор деп ойлаймын.

Өз қыздарымды жеңіспен құттықтаймын! Команданы қолдау үшін арнайы келген ата-аналарға да алғысымды білдіремін. Олардың қолдауы ойыншылар үшін өте маңызды.

Наверх