Клуб жаңалықтары

8 September, 18:22

БАС БАПКЕР БАУЫРЖАН ЖАРОВТЫҢ ОЙЫННАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ

«Шахтер» W әйелдер командасы маусымның қорытынды кездесуін сырт алаңда өткізіп, «Елімай» W командасын 1:0 есебімен жеңді.

- Бүгінгі ойынды аяқтап, өте маңызды жеңіске қол жеткіздік. Қыздарға және бүкіл командамызға үлкен рақмет. Ойынға арналған тапсырманы толық орындадық, жоспарлағанымыздай ойнадық. Біз сұрағанның барлығын қыздар алаңда жүзеге асырды. Олар жарады.

Команда үшін бұл маусым оңай болған жоқ. Чемпионаттың ортасында ұжымға біраз өзгеріс енгізіп, серпіліс жасауға тура келді. Командамызды күшейткен қыздарға, сондай-ақ жаңа идеяларымызға сенген барлық ойыншыларға алғыс айтамын.

Мен команданы қалай құру керектігін және ол үшін не істеу қажет екенін білемін. Сондықтан дұрыс жолда келе жатырмыз деп ойлаймын. Қазір бізді аздаған үзіліс пен демалыс күтіп тұр.

Осы маусымда бізбен бірге болған барша жанкүйерлерімізге рақмет. Бізді қолдап, жанкүйер болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Тіпті осы жерде, Семейде де, сіздердің қолдауларыңызды естідік. Қарағандыда да жанкүйерлеріміздің қолдауын сезіндік.

Маусымды аяқтадық. Енді келесі жылға жоспар құра бастаймыз. Келер маусым осы маусымнан да қызықты болады деп ойлаймын.

Наверх