Клуб жаңалықтары

13 July, 10:32

ДИАС ҚАЛЫБАЕВТЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ

«Тұранға» қарсы кездесуде клубқа қайта оралғаннан кейін 57-минутта алаңға шыққан Диас Қалыбаев команданың маңызды жеңісіне өз үлесін қосты.

— Көңіл күйім өте жақсы. Өз командамның қатарына қайта оралғаныма өте қуаныштымын. «Шахтер» – мен үшін туған клуб. Қайта оралуым бұдан артық басталуы мүмкін емес еді: алғашқы матчтың өзінде тікелей бәсекелесімізді жеңдік.

Гол соғуды өте қатты қаладым, бірақ бүгін оның сәті түспеді. Дегенмен ең бастысы – команда жеңіске жетті.

Жанкүйерлерге қолдаулары үшін үлкен рақмет! Бұл жеңіс – сіздер үшін. Бүгінгі қолдау ерекше болды.

Менің мақсаттарым өзгерген жоқ. Клубтан кеткенге дейін қандай мақсат қойсам, қазір де сол мақсат бар – «Шахтерді» Премьер-лигаға қайтару. Ол үшін алаңда бар күшімді салып, командама көмектесемін. Өйткені Бірінші лига – мұндай аңызға айналған клубтың орны емес.

 

Наверх