— Бүгін өте қызықты ойын өтті. Ауа райы өз әсерін тигізіп, матч оңайға соққан жоқ. Бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, біз жеңіске жеттік. Ең бастысы — осы.
Бұл нәтиже үзіліс кезіндегі екі апталық дайындықтың жемісі. Біз дәл осы матчқа тыңғылықты дайындалдық, және атқарылған жұмыстың нәтижесін көрдік.
Өз голымды жарақат алған Алдияр Көкубаевқа арнағым келеді. Оған тезірек сауығып, алаңға қайта оралуын тілеймін.

Шахтёр
Жайық

