— Біз «Қайраттың» көп жылдан бері өз ойын философиясын өзгертпейтінін жақсы түсіндік, сондықтан бізді қандай ойын күтіп тұрғанын білдік. Қарсылас көп күреске барып, ұзын пастарды жиі қолданады — біз дәл осыған дайындалдық.
Біздің ойынымыз қарымта шабуылдарға құрылды. Сәттер болды, бірақ, өкінішке қарай, оларды пайдалана алмадық. Мұндай ойындарда мүмкіндіктер көп бола бермейді, сондықтан оларды тиімді жүзеге асыру қажет. Жалпы, тең нәтиже — заңды қорытынды.
Матч өте тартысты өтті, жекпе-жектер көп болды. Ойыншыларға жақсы ойын және жігері үшін алғысымды білдірдім.
Қазіргі таңда команда қайта құрылу кезеңінде. Жұмыс істеу керек тұстар бар. Осы матчқа байланысты белгілі бір тактикалық өзгерістер жасадық. Алда әлі көп жұмыс бар.

Кайрат-Жастар
Шахтёр
Түркістан
