QJ League I тур аясында «Шахтер» U-16 Алматыдан келген «Жас Қыран» командасын 1:0 есебімен жеңді. 8 минутта жартылай қорғаушысы Айдар Қуанышбек гол соқты. Ойыннан кейін «Шахтер» U-16 бас бапкері Рафаэль Ревкатович Хамидуллов атап өткендей: "Маусымның бірінші ойыны үшін ойын қызықты әрі әсерлі болды. Жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін, ал қарсыласқа жақсы ойын көрсеткені үшін алғыс айтамын".
Келесі ойынды «Шахтер» жасөспірімдер командасы 26 сәуірде жергілікті «Атырау» U-16 командасымен Атырауда өткізеді .