Клуб жаңалықтары

31 July, 20:23

«ШАХТЁР» ҚОСТАНАЙДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Бірінші лиганың 16-туры аясында «Шахтёр» командасы сырт алаңда «Тобыл» Ж клубымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Матч «Тобыл Арена» стадионында өтті. «Кеншілер» алаңға мына құрамда шықты: Игорь Шацкий (к), Александр Мигунов, Қасымжан Таипов, Даулет Зайнетдинов, Нұрхан Қағазбаев, Андрей Ульшин, Лев Скворцов, Мирас Көбеев, Рафаиль Оспанов, Руслан Белобородый және Артем Литош.

Кездесудің алғашқы таймы тартысты өтті. Екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, есеп ашуға мүмкіндік алды. Алайда «Шахтёр» қақпашысы әрі команда капитаны Игорь Шацкий сенімді ойын көрсетіп, бірнеше қауіпті сәттің бетін қайтарды. Бірінші таймның соңына қарай Артем Литош жеке шеберлігінің арқасында қарсылас қақпасын дәл көздеп, есеп ашты – 1:0.

Екінші таймда «Шахтёр» шабуылын үдете түсті. Матчтың 84-минутында алаңға Диас Қалыбаев қосылып, небәрі екі минуттан кейін Арман Нүсіптің нәтижелі пасынан кейін гол соқты. Осылайша, «Шахтёр» матчтағы басымдығын еселеп, кездесуді 2:0 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Бұл жеңістің арқасында «Шахтёр» турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

 

Наверх