«Кеншілердің» бастапқы құрамында алаңға Арслан Куандыков, Мади Кудайберген, Абылай Токтасын, Егор Шевченко, Ярослав Туницкий (к), Ельдар Жолдиканов, Айдар Қуанышбек, Амир Оспанов, Тимур Казанцев, Арнур Қуандықұлы және Артем Лящук шықты.
Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап алаң иелері ойын тізгінін өз қолдарына алып, бірінші тайм бойы қарсылас қақпасына қауіп төндіріп отырды. Әсіресе стандартты жағдайлардан кейін қауіпті сәттер жиі туындады. Тимур Казанцев бұрыштамадан кейін екі мәрте қарсылас қақпасына соққы бағыттады.
«Шахтердің» басымдығы алғашқы голмен нәтижесін берді. Абылай Токтасынның баспен бағыттаған добынан кейін қарсылас ойыншысы допты өз қақпасына енгізіп алды — 1:0. Ал 34-минутта кезекті бұрыштама добынан кейін Айдар Қуанышбек мергендік танытып, есеп айырмасын еселей түсті — 2:0.
Үзілістен кейін қонақтар бір гол соқты.
Осылайша, «Қайсарды» жеңген «Шахтер» U-17 командасы QJ League-дегі жетінші жеңісіне қатарынан қол жеткізді. Кезекті үш ұпайды еншілеген «кеншілер» турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын нығайта түсті.


Хан-Тәңірі
Шахтёр

