Жаңалықтары академия

18 April, 13:35

QJ LEAGUE МАУСЫМЫНЫҢ БАСТАЛУЫНДА «ШАХТЁР» U-17 ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

QJ League бірінші туры аясында «Шахтёр» U-17 командасы «Таразды» 1:0 есебімен жеңді.

«Кеншілердің» негізгі құрамында алаңға Байжан Асхат, Мади Құдайберген, Абылай Тоқтасын, Мирас Амангелді, Ярослав Туницкий (к), Елдар Жолдиканов, Владислав Солошенко, Али Садырбаев, Тимур Казанцев, Никита Духов, Альтаир Рапилбек шықты.

 

Кездесудің алғашқы таймы тең дәрежеде өтті — командалар сақ ойнап, ойын көбіне алаңның ортасында өрбіді.

Екінші таймда алаң иелері белсенділікті арттырып, қарсылас қақпасына жиі қауіп төндіре бастады. Матчтың шешуші сәті 66-минутта тіркелді: капитан Ярослав Туницкий өз алаңынан дәл пас беріп, Али Садырбаев допты қақпаға бағыттады — 1:0.

Қалған уақытта Рафаэль Хамидуллов шәкірттері ойын тізгінін ұстап, матчты жеңіспен аяқтады.

 

 

Наверх