Жаңалықтары академия

20 August, 13:40

«ШАХТЕР»-2010 (W) КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

QJ League-ның 10-турында «Шахтер»-2010 (W) командасы өз алаңында «Ордабасы»-2010 (W) командасын 4:2 есебімен сенімді жеңді.

Командамыздың негізгі құрамында Айым Диханбай, Арина Ишутина, Дарья Пряхина, Адэми Калиева, Дария Тулегенова, Амина Аужанова, Зайлин Ерсаин, Анастасия Зеленина, Дарья Зубенко, Сабина Крышкина және Дарина Исатаева алаңға шықты.

Сергей Поленовтың командасы бірінші таймның өзінде қарсыластар қақпасына үш гол соқты. 18-минутта Дария Тулегенова есеп ашса, 27-минутта Анастасия Зеленина мергендік танытты. Ал бірінші таймға қосылған 1-минутта Сабина Крышкина алаң иелерінің басымдығын үш голға жеткізді.

Екінші таймда «Шахтер»-2010 (W) командасы ойын барысын бақылауда ұстауды жалғастырды. 63-минутта Амина Аужанова командасының төртінші голын соқты.

Матчтың соңында, негізгі уақытқа қосылған минуттарда, алаң иелері өз қақпасына екі гол жіберіп алды.

Қорытынды есеп - «Шахтер»-2010 (W) пайдасына 4:2!

 

Наверх