Жаңалықтары академия

9 May, 14:43

ЛИССАБОН СЦЕНАРИЙІМЕН

QJ League турнирінің төртінші турында «Шахтер» U-15 өз алаңында «Ақтөбе» U-15 командасымен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті.

Матчтың алғашқы минуттарынан алаңға Асхат Амангелді, Никита Герасимов, Әлияр Қалиев, Әлішер Қанат (к), Біржан Мәжит, Вячеслав Чистяков, Виктор Спиридонов, Нұржан Мұхатай, Ералы Ермек, Әділ Жайлаубай және Дарын Шалман шықты.

Бірінші тайм тартысты әрі тең дәрежедегі күреспен өтті. Екі команда да шабуылда белсенді ойнауға тырысқанымен, қақпашылар сенімді өнер көрсетіп, өз қақпаларын голдан аман сақтап қалды.

Үзілістен кейін бастаманы қонақтар өз қолына алды. 46-минутта «Ақтөбе» бұрыштамадан кейін есеп ашса, арада бірнеше минут өткен соң есеп айырмасын екі допқа жеткізді.

Алайда «кеншілер» сағын сындырмай, шабуылдарын жалғастыра берді. 61-минутта Виктор Спиридонов бұрыштамадан кейінгі қарбаласта допқа бірінші болып жетіп, есеп айырмасын қысқартты.

Кездесудің шешуші сәті нағыз драмаға айналды. Бұл көрініс Лиссабонда өткен әйгілі «Бенфика» — «Реал» матчын еске салды. Сол кездесуде қосымша уақытта қақпашы Анатолий Трубин гол соғып, командасын жеңілістен құтқарған еді.

 

Сол секілді бұл матчта да қосымша уақыттың бесінші минутында «Шахтердің» қақпашысы Асхат Амангелді бұрыштама кезінде қарсылас айып алаңына қосылды. Бас бапкер Игорь Маштаковтың белгісінен кейін алға шыққан қақпашы керек жерде табылып, дәл соққымен командасына маңызды тең нәтиже сыйлады — 2:2.

Мінез, соңына дейінгі күрес және үлкен футболға лайық керемет аяқталу!

Наверх