Клуб жаңалықтары

29 March, 22:37

eKPL: «ШАХТЕР» ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

Бүгін eKPL турнирінің VII тур ойындары өтті.

Ойын күнінің қорытындысы бойынша Данияр «dan1k» Шарабадин үздік үштікке енді. Кестеде «Жеңіс» көш бастап тұр, ал «Ертіс» пен «Шахтер» 16 ұпаймен екінші және үшінші орындарды бөлісуде. Доп айырмасы бойынша біздің команда бәсекелеске жол береді, алайда бірінші орыннан небәрі екі ұпайға қалып отыр.

Бүгінгі матчта «Шахтер» «Оқжетпесті» сенімді түрде жеңді. Еске сала кетейік, бұған дейін Данияр «dan1k» Шарабадин турнирдің басты фавориті — «Жеңіс» өкілін жеңген болатын. Аталған қарсылас бұған дейін киберспортшылар арасындағы жеңімпазы атанған еді.

Ертең VIII тур ойындары өтеді - «Шахтер» «Ұлытау» командасымен кездеседі.

Ойын барысын бірге бақылап, командамызға қолдау көрсетейік!

Наверх