Клуб жаңалықтары

18 December, 09:27

ШЫМКЕНТТЕН ТҮРКИЯҒА ДЕЙІН: ДМИТРИЙ ОГАЙ ӨЗ ЖҰМЫСЫНА КІРІСТІ

«Шахтёр» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты жалғастыруда. Дмитрий Огай команданың бас бапкері ретінде ресми таныстырылымнан кейін Шымкент қаласына аттанды. Қазіргі уақытта мұнда негізгі құрамның іріктеу-танысу жиыны өтіп жатыр.

Қазақстан футболындағы ең титулды бапкерлердің бірі Дмитрий Огай бай тарихы бар команда клубында жұмыс істеудің жауапкершілігін толық сезінетінін атап өтті:

 

— «Шахтёрді» басқару мен үшін үлкен мәртебе. Бапкерлік те, әкімшілік те штаб клубының алға қойған мақсаттарын орындау үшін бар күшін салады. Команданың тарихының өзі-ақ көп нәрсені аңғартады: Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Чемпиондар лигасына және Еуропа лигасының топтық кезеңіне қатысқан. Біз алдыңғы буын футболшыларының жетістіктерін құрметтейміз және осы дәстүрді жалғастыруға ниеттіміз.

 

Қазіргі кезеңде команда іріктеу-танысу жиынынан өтуде. Бұл жиынның басты мақсаты — бапкерлік штабтың футболшыларымен жақынырақ танысу және үзілістен кейінгі ойыншылардың функционалдық жағдайын бағалау.

 

— Қазіргі уақытта команда Шымкентте. Мұндағы жиын іріктеу-танысу сипатында өтуде, себебі бапкерлік штаб, Андрей Финонченкодан басқа, ойыншыларды жақыннан біле бермейді. Біз команданы Жаңа жылға дейін жинап, ойыншылармен жақынырақ танысуды жөн көрдік, — деді бас бапкер.

 

Дайындықтың келесі кезеңі Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиыны болмақ. Бұл жерде регламенттік өзгерістерді ескере отырып, алдағы маусымға команданың негізгі өзегі қалыптастырылады:

 

— Келесі жиынымыз Түркияда өтеді. Сондықтан белгілі бір ойыншылар тобын алдын ала іріктеп алғымыз келеді. Қазір 2008 жылы туған футболшыларға қатысты лимит енгізілетінін ескерсек, осы жастағы ойыншылардың тобын барынша қарап шығуымыз қажет, — деп атап өтті Дмитрий Алексеевич.

 

Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны командаға қолайлы климаттық жағдайда толыққанды дайындықтан өтуге, бақылау матчтарын өткізуге және жаңа маусым басталар алдында құрамды түпкілікті айқындауға мүмкіндік береді.

Наверх