Перцух өткен маусымды «Елимай» құрамында өткізді. Қазақстан чемпионаты аясында ол 14 матчқа қатысып, 2 гол соқты.
Айта кету керек, жартылай қорғаушы 2023 жылы «Шахтер» сапында ойнаған. Карағандылық клубтан бөлек, ол «Астана», «Ақтөбе», «Атырау», «Ақжайық» және «Қызылжар» командаларында да өнер көрсетті.