QJ League XVI туры аясында «Шахтер» U-18 футболшылары сырт алаңында «Жас Қыран» U-18 командасымен кездесті. Матч 2:1 есебімен «кеншілердің» пайдасына аяқталды. «Шахтер» U-18 құрамында гол соққан Глеб Макридов (20’, 41’). Келесі ойынды «Шахтер» U-18 13 қыркүйек күні Қарағандыда Ақтау қаласының «Каспий» U-18 командасымен өткізеді.