Андрей Юрьевич өзінің бүкіл ойыншы мансабын бір ғана клубта өткізіп, командаға адалдығы мен беріктігін дәлелдеді. Бұған дейін жасөспірімдер және жастар командаларымен жұмыс істеп, сондай-ақ негізгі команданың бас бапкері қызметін атқарған. Жақында Швейцарияның Ньон қаласында PRO лицензиясын алу бойынша оқу курсынан өтті.
Кеше өткен команданың таныстырылымында Андрей Юрьевич былай деп атап өтті:
«Бір жарым жыл бұрын облыс әкімі Ермағанбет Қабдулұлының қатысуымен маңызды әңгіме болды. Біз Қарағанды облысындағы футболдың жағдайы туралы сөз қозғадық. Ол футболдағы барлық мәселелер мен инфрақұрылымның жай-күйін жақсы біледі. Тимур Русланұлының келуімен жағдайдың жақсаратынына және көп мәселенің оң шешімін табатынына сенім бар.
Клуб алдында нақты мақсаттар мен ауқымды міндеттер тұр. Дұрыс тәсіл, жүйелі жұмыс, тәртіп пен толық беріле еңбектену арқылы біз нәтижеге қол жеткізе аламыз деп сенемін. Бұл бағыттағы жұмыс қазірдің өзінде басталды және біз «Шахтерді» лайықты деңгейіне қайтару үшін бар күшімізді саламыз».
Біз өз аңызымызға сенеміз. Сәттілік, Андрей Юрьевич!

Кайрат-Жастар
Шахтёр
Түркістан
