Еуропа футболының фавориттерінің бірі саналатын Португалия құрамасына қарсы кездесуде қазақстандық футболшылар мінез танытып, 1:1 есебімен тең түсті.

Матчты алғашқы минуттардан бастап «Шахтердің» түлегі әрі ойыншысы Нұрхан Қағазбаев бастады. Қарағанды клубының жартылай қорғаушысы ұлттық құраманың бапкерлер штабының сеніміне ие болып, Қазақстан құрамасының маңызды нәтижесіне өз үлесін қосты.
Нұрханды сәтті ойынымен құттықтап, ұлттық құрама сапында бұдан да жарқын матчтар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Шахтёр
Елимай Ж

