QJ League турнирінің XVIII турында қарағандылық «Шахтер» U-18 Павлодарда жергілікті «Ертіс» U-18 командасымен кездесті. Ойын нәтижесі – 2:2. «Кеншілер» құрамында Мирас Қуат (13-минут) пен Глеб Макридов (30-минут) гол соқты. Павел Степанович Заяц жаттықтыратын команда келесі ойынын 27 қыркүйекте өз алаңында елордалық «Астана» командасына қарсы өткізеді. Матч 16:00-де басталады.