«Шахтер» U-17 командасының негізгі құрамында алаңға Арслан Қуандықов, Мади Құдайберген, Абылай Тоқтасын, Айдар Қуанышбек, Әмір Оспанов, Ярослав Туницкий (к), Владислав Солошенко, Әли Садырбаев, Тимур Казанцев, Никита Духов және Альтаир Рапильбек шықты.
Күткендей, матч тартысты әрі жоғары қарқынмен өтті. Бірінші таймда алаң иелері басымдық танытып, кездесудің 24-минутында есеп ашты. Соған қарамастан, «Шахтер» өз ойын өрнегінен жаңылмай, мүмкіндігін күте білді.

Екінші таймда «кеншілердің» шабуылдағы белсенділігі нәтижесін берді. Матчтың 82-минутында «Қайрат» қорғаушылары айып алаңында Никита Духовқа қарсы ереже бұзды. Ойын бойы белсенділігімен көзге түскен шабуылшының арқасында команда пенальти орындау мүмкіндігіне ие болды. 11 метрлік айып добын Тимур Казанцев дәл орындап, есепті теңестірді — 1:1.

Кездесудің соңына қарай «Шахтер» U-17 тағы бір гол соқты. Алайда төрешілер офсайд тіркеп, голды есепке алмады.

Алматыдағы басты қарсыластардың біріне қарсы өткен сырт алаңдағы тең ойын «Шахтер» U-17 үшін маңызды нәтиже болды. Осылайша команда QJ League чемпионатындағы көшбасшылық орнын сақтап қалды.

Тараз
Шахтёр

