Мирас – «Қайрат» академиясының түлегі. Бұған дейін «Қайрат-Жастар» командасында өнер көрсетіп, кейін Беларусь Премьер-лигасының «Ислочь» клубында ойнады. Екі маусым ішінде ол барлық турнирлерде 46 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ жартылай қорғаушы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алып, U-21 құрамасы сапында өнер көрсетті.
Әмбебап футболшы ортада, қорғаныста және шабуылдағы жартылай қорғаушы позицияларында ойнай алады.
Мирас, «Шахтерге» қош келдің! Бірге жаңа жеңістерге жетейік!

Хан-Тәңірі
Шахтёр

