«Шахтёр» мен «Велес» командалары арасындағы матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Бірінші таймда «кеншілер» сапында алаңға Килджиев, Богачев, Божко, Васильченко, Ахмедов, Асылбаев, Оспанов, Саутов, Нұрмұғамет, Азамат және Пак шықты.
Екінші таймда бапкерлік штаб алаңға келесі ойыншыларды қосты: Нұрғалиев, Мигунов, Зубайділда, Рудосельский, Артурұлы, Ақылбаев, Назаров, Қағазбаев, Макридов, Орынбасар және Қалыбаев.
«Шахтёр» келесі жолдастық кездесуін 9 ақпанда Өзбекстанның «Коканд 1912» командасына қарсы өткізеді.

Шахтёр
Түркістан



