QJ League VI туры аясында «Шахтер» U-18 Ақтауда жергілікті «Каспийді» U-18 9:1 есебімен жеңді. Шабуылшы Глеб Олейник алаңда өткізген 70 минутта үш голмен көзге түсті.
Сондай-ақ, 2024 жылғы маусымда QJ League турнирінде «Шахтер» U-18 шабуылшысы Глеб Олейник VI турдың үздік ойыншысы болып танылды, ал «Қайсар» қақпасына соққан голы QJ League VI турының үздік голы болып таңдалды. Өткен жылы Глеб 21 матч өткізіп, 7 гол соқты. Биылғы маусымда Глеб небәрі 2 матч өткізді және өз командасының пайдасына ойын барысын түбегейлі өзгерте алатын команданың басты джокері болып қала береді!