Жаңалықтары академия

1 August, 14:27

«ШАХТЕР» U-17 КОМАНДАСЫ «ЕРТІС» U-17 КОМАНДАСЫН ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢДІ

QJ League додасының 13-туры аясында «Шахтер» U-17 өз алаңында «Ертіс» U-17 командасын қабылдап, 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Матчтың алғашқы минуттарынан бастап «кеншілер» сапында Арнур Дүкенбаев, Мәди Құдайберген, Ярослав Туницкий (к), Айдар Қуанышбек, Әмір Оспанов, Платон Шипицин, Әли Садырбаев, Әділет Бораналы, Тимур Казанцев, Артем Лящук және Альтаир Рапильбек алаңға шықты.

Кездесу басталған сәттен-ақ алаң иелері ойын тізгінін өз қолдарына алып, қарсылас қақпасына жиі қауіп төндірді. Есеп 35-минутта ашылды. Айып добын орындаған Әмір Оспанов айып алаңына дәл пас шығарды, ал Әли Садырбаев әуедегі доп үшін күресте басым түсіп, баспен соққан дәл соққысымен есепті ашты.

Екінші таймның басталуымен-ақ, 46-минутта Тимур Казанцев қақпашының жақын бұрышын дәл көздеп, «Шахтердің» басымдығын еселей түсті. Араға бес минут салып, 51-минутта Әли Садырбаевтың нәтижелі пасынан кейін Альтаир Рапильбек командасының үшінші голын соқты.

Матчтың соңғы нүктесі 77-минутта қойылды. Ұзаққа созылған шабуылдан кейін Әли Садырбаев айып алаңына әуелете пас асырды. Допқа алғаш жеткен Айдар Қуанышбек қақпашыны қапы қалдырып, есепті 4:0-ге жеткізді.

Платон Шипициннің сәтті дебютін де ерекше атап өткен жөн. Ол алаңның ортасында белсенді ойын көрсетіп, командаға үлкен пайдасын тигізді.

Рафаэль Хамидуллов жаттықтыратын «Шахтер» U-17 командасы чемпионаттағы көшбасшылық орнын сақтап, осы маусымда әлі бірде-бір рет жеңілістің дәмін татқан жоқ.

 

Наверх