«Шахтер» U-17 командасы өз алаңында қызылордалық «Қайсар» командасын қабылдап 7:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында «кеншілер» құрамында гол соққандар: Расул Акимов (9’), Дигдар Омаров (17’), Кирилл Ермаков (40’), Айбатолла Шулаков (49’), Артем Алексеев (78’), Александр Яковлев (85’) және Артем Ширяев (89’). Келесі матчты «Шахтер» U-17 командасы 13 шілдеде Қарағандыда «Тобыл» командасына қарсы өткізеді.