«Шахтер» U-16 командасы өз алаңында ақтаулық «Каспий» командасын қабылдады. Қарсыластың қақпасына 4 жауапсыз доп соғылды. Бұл матчта «кеншілер» құрамында гол соққандар: Никита Духов (14’, 23’), Владислав Солошенко (16’) және Акжол Куаныш (38’). Келесі матчты «Шахтер» U-16 командасы 21 қыркүйек күні Павлодарда жергілікті «Ертіс» командасына қарсы өткізеді.