Өзбекстандық клуб 1964 жылы «Спартак» атауымен құрылған. Әр жылдары команда «Спартак», «Андижанец», «Текстильщик», «Пахтакор», «Навруз» атауларымен өнер көрсетті. 1997 жылдан бері клуб «Андижон» атауымен ойнап келеді. Команданың үй стадионы — 18 360 көрерменге арналған «Соглом Авлод» стадионы.
«Андижон» Өзбекстандағы ең көп әрі белсенді жанкүйерлер армиясының біріне ие. Клубтың «Соглом Авлод» стадионындағы үй матчтары көбіне лық толған трибуналар алдында өтеді.
Кеңес Одағы кезеңінде клуб негізінен КСРО-ның Екінші лигасында ойнап, айтарлықтай жетістіктерге жете қойған жоқ. Өзбекстан тәуелсіздік алғаннан кейін «Андижон» ұлттық чемпионаттарға қатысып, әр жылдары елдің Жоғары лигасында өнер көрсетті (1992—2004, 2006—2012, 2014—2016).
2018 жылғы маусымда клуб Өзбекстан Про-лигасында 1-орын алып, елдің футбол элитасына қайта оралды. Қазіргі таңда «Андижон» Өзбекстан Суперлигасында — елдің басты футбол дивизионында өнер көрсетіп келеді.
Жетістіктері:
- Өзбекстан Суперлигасында 5-орын: 2008
- Өзбекстан Про-лигасының чемпионы: 2005, 2018, 2022
- Өзбекстан Про-лигасында 2-орын: 2013
- Өзбекстан Про-лигасында 3-орын: 2017
- Өзбекстан Кубогының иегері: 2024
«Шахтер» мен «Андижон» командалары арасындағы матч 2 ақпанда сағат 19:00-де өтеді.
Ойынның тікелей трансляциясын «Шахтер» футбол клубының YouTube-арнасынан және @qsportqazakstan телеарнасынан көруге болады.

Шахтёр
Түркістан



