«Шахтер» W командасының негізгі құрамында алаңға Арина Тихонова, Адеми Омиртай, Камила Маммадова, Диана Жақсыбекова, Ругая Гаджиева, Айтурған Құрманбекова, Ксения Карпова, Сабина Крышкина, Владлена Гавриш, Александра Набокова (к), Саида Дүйсембаева шықты.

Бауыржан Жаровтың ойыншылар ұжымға біртіндеп бейімделіп, команданың ойынына өз үлестерін қоса бастады.
«Шахтер» W сапындағы алғашқы ойынын өткізген қақпашы Арина Тихонова өзін сенімді қырынан көрсетіп, бірнеше қауіпті сәтте командасын голдан аман алып қалды. Қорғаныста Камила Маммадова сенімді ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластың шабуылдарын сәтті тойтарды. Ал жартылай қорғауда Айтурған Құрманбекова белсенділігімен және нәтижелі әрекеттерімен көзге түсті.

Матчтағы есеп 82-минутта ашылды. Айтурған Құрманбекова пенальтиді мүлт жібермей орындап, командасын алға шығарды. Ал 89-минутта команда капитаны Александра Набокова есепті 2:0-ге жеткізіп, «Шахтер» W командасының жеңісін түйіндеді.



