Клуб жаңалықтары

26 May, 23:58

РАСУЛ АҚИМОВТЫҢ «ШАХТЕР» ҚҰРАМЫНДАҒЫ ДЕБЮТЫНАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ

— Команданы жеңіспен құттықтаймын! Стадионға келіп, бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Олардың қолдауы командаға қосымша күш пен мотивация береді.

Сондай-ақ, маған сенім артқан бапкерлер штабына ерекше ризашылығымды білдіремін. Осындай жауапты матчта алаңға шығып, өзімді көрсету мүмкіндігін алу мен үшін өте маңызды болды. Бапкерлер мені үнемі қолдап, жігерлендіріп, ойынға дайындады.

Бұл маусым мен үшін ерекше өтіп жатыр — мен QJ League жарысында өнер көрсетіп, жастар құрамасында ойнадым, ал бүгін «Елімай» Ж командасына қарсы матчта негізгі құрамдағы дебютімді өткіздім. Бұл — менің мансабымдағы маңызды сәттердің бірі.

Менің басты мақсатым — командаға пайдамды тигізіп, «Шахтердің» жеңістеріне үлес қосу.

Наверх