АНДРЕЙ ЮРЬЕВИЧ ФИНОНЧЕНКО: Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын! Ең алдымен, ойыншыларға алаңдағы жанкештілігі мен сапалы ойыны үшін алғысымды білдіремін.
Бұл матчтың тартысты өтетінін және жекпе-жектерге толы болатынын жақсы білдік. «Хан-Тәңірі» — өте жақсы команда. Олар табанды ойнап, жоғары қарқынмен прессинг жасайды. Қарсыласты мұқият зерттедік, сондықтан жігіттер бүгінгі ойынға жақсы дайындықпен шықты.
Бүгін команда матч алдындағы тапсырмаларды толық орындады. Әсіресе стандартты жағдайлардан гол соққанымыз қуантады, өйткені біз бұл бағытта жаттығуларда тұрақты түрде жұмыс істейміз.
Жанкүйерлерімізге қолдаулары үшін алғыс айтып, осы жеңіспен құттықтағым келеді. Біз алға қарай жылжи береміз және келесі ойындарға дайындаламыз.
Чемпионаттағы үзіліс кезінде шағын оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Сонымен қатар қосалқы құраммен жолдастық матч ұйымдастырдық. Сондықтан ойыншылар жақсы ойын ырғағында.
Құрамға жаңадан қосылған футболшылар да бар. Оларға бейімделіп, қажетті ойын қалпына келу үшін уақыт керек. Уақыт өте келе олар командаға толық сіңісіп, алдымызға қойған мақсаттарға жетуге өз үлестерін қосады деп сенемін.

Хан-Тәңірі
Шахтёр

