- «Астана» - өте мықты команда, онымен ешқашан оңай ойын болмайды, мұны олар бүгін де көрсетті. Біз матчқа тыңғылықты дайындалдық. Ойынға арналған белгілі бір жоспарымыз болды, соны ұстануға тырыстық. Қарапайым эпизодтарда көп қателік жібердік, дәл емес пастар болды. Кей сәттерде тайминг бойынша дұрыс әрекет ете алмадық. Дегенмен он ойыншымен нәтижені сақтап қала алдық. Алдағы турларға дайындаламыз. Біздің мақсаттарымыз ең жоғары деңгейде қала береді.

Шахтёр
Каспий М


