Жаңалықтары академия

16 August, 20:39

«ШАХТЕР» U-16 КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ АРЛАН ОРАЗ:

- Бүгінгі ойын біз үшін сәтті болмады. Өкінішке қарай, жаттықтырушының ойынға берген тапсырмасын толық орындай алмадық және өз қателіктерімізді көп жібердік. Қарсылас осы қателіктерімізді тиімді пайдаланды.

Сонымен қатар, позициялар ауысқан кезде ойыншыларды дұрыс бақылауда қиындықтар болды. Соның салдарынан өзара түсіністік пен үйлесімділік жетіспеді. Бүгін бізге командалық рух пен қажетті деңгейдегі жинақылық жетпеді. Енді өз қателіктерімізді талдап, дұрыс қорытынды шығарып, келесі ойындарға дайындаламыз.

Наверх