Бірінші лиганың XVII туры аясында «Шахтер» өз алаңында «Екібастұз» командасын 4:0 есебімен жеңді. «Кеншілер» командасында гол соққандар: Максим Галкин (13', 42', 83') және Артем Литош (47'). Келесі ойынды «Шахтер» 14 тамыз күні Ақтөбеде «Ақтөбе» командасымен өткізеді.