QJ League XX туры аясында «Шахтер» U-18 футболшылары сырт алаңында қызылорданың «Қайсар» U-18 командасымен кездесті. Матч 6:0 есебімен «кеншілердің» пайдасына аяқталды. «Шахтер» U-18 құрамында гол соққандар: Василий Леонтьев (17’), Егор Пущин (25’), Мирас Куат (37’) және Глеб Макридов (43’, 47’ и 56’). Келесі ойынды «Шахтер» U-18 19 қазан күні Қостанайда «Тобыл» U-18 командасымен өткізеді.