Жаңалықтары академия

17 August, 18:46

«ШАХТЕР» U-18 КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ ИГОРЬ СОЛОШЕНКО:

- Менің ойымша, матч қызықты әрі тартысты өтті. Бірінші таймда жоспарлағанымыздың бәрін жүзеге асыра алмадық. Ортаңғы шептегі тепе-теңдік, допқа талас кезіндегі іріктеу және ойын құру мәселелерінде қиындықтар болды. Үзіліс кезінде ойынға түзетулер енгіздік. Соның нәтижесінде матчтың сипаты өзгеріп, бұл өз нәтижесін берді. Жігіттерге гол соға алғандары үшін қуаныштымын. Айып добынан да гол соққандарын қалар едім - жігіттер допты жақсы көтеріп береді.

Бізді тек Қарағандыда ғана емес, сырт алаңдағы ойындарда да ыстық ықыласпен қолдайтын жанкүйерлерімізге ерекше алғысымды білдіргім келеді.

Наверх