Жаңалықтары академия

29 June, 15:58

«ШАХТЕР» U-17 КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ - ПАВЕЛ СТЕПАНОВИЧ ЗАЯЦ:

— Біз «Каспийге» қарсы матчқа тыңғылықты дайындалдық. Жігіттердің ойын алдындағы тапсырмаларды толық орындағанына қуаныштымын. Кездесу алдында жоспарлаған дүниелерімізді алаңда жүзеге асыра алдық.

Матч бойы ойын тізгінін өз қолымызда ұстап, көптеген қауіпті шабуыл ұйымдастырдық. Кездесу көрермендерге ұнап, гол соғатын сәттердің көптігімен есте қалды деп ойлаймын. Бірінші таймдағы жылдам соғылған голдар матчтың тағдырына айтарлықтай әсер етті.

Барша «Шахтер» жанкүйерлерін лайықты жеңіспен құттықтаймын!

Наверх