Клуб жаңалықтары

19 May, 18:20

«ШАХТЕР» W ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАСЫ ЧЕМПИОНҒА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Қазақстан әйелдер лигасының төртінші туры аясында «Шахтёр» W командасы өз алаңында елдің қазіргі чемпионы «Актобе» W командасына қарсы матч өткізді.

«Шахтёр» W командасының бастапқы құрамында алаңға Алина Комарова, Владлена Гавриш, Александра Набокова, Диана Жақсыбекова, Гүлназ Амангелдинова, Олеся Шаповалова, Малика Бейсембаева, Афина Молдабекова, Адеми Өміртай, Диана Нақыпбек және Әсем Өтебаева шықты.

Ел чемпиондары басым түсіп, кездесуде 11:0 есебімен жеңіске жетті.

Келесі матчын «Шахтёр» W командасы 26 мамыр күні Көкшетауда жергілікті «Оқжетпес» командасына қарсы өткізеді.

Наверх