Клуб жаңалықтары

20 April, 12:53

ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАСЫ «ШАХТЕР» W БАҚЫЛАУ МАТЧЫН ӨТКІЗДІ

 «Шахтер» W жаңа маусымға дайындық аясында бақылау матчын өткізді.    

Астанадағы оқу-жаттығу жиыны барысында дайындықтың қорытынды кезеңінде «Шахтер» W КПЛ қатысушысы — елордалық «Жеңіс» командасымен кездесті. Ойын тәжірибелі футболшылардың 4:0 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.

Команданың бас бапкері Александра Алексеевна Рудикова маусым басталар алдында ойыншылардың дайындығын бағалауға жақсы мүмкіндік алды.

Еске салайық, «Шахтер» W үшін жаңа маусым 28 сәуірде басталады — алғашқы турда команда өз алаңында «Семейге» қарсы ойнайды.

 

Наверх