Клуб жаңалықтары

1 September, 17:59

«ШАХТЁР» W КОМАНДАСЫ «ТОБОЛ» W КОМАНДАСЫН ЖЕҢДІ

Қазақстан әйелдер командалары арасындағы чемпионаттың 17-турында «Шахтёр» W өз алаңында «Тобол» W командасын жеңді.

«Шахтёр» W командасының негізгі құрамында алаңға Арина Тихонова, Диана Жақсыбекова, Айтурған Құрманбекова, Ксения Карпова, Александра Набокова (к), Адеми Өміртай, Ругая Гаджиева, Айсана Зекен, Саида Дюсембаева, Айкуним Рысбекова және Малика Сарсен шықты.

Матч тартысты өтіп, екі команда да жеңіске жетуге мүмкіндік алды. Кездесу голсыз тең аяқталатындай көрінгенімен, шешуші сәт негізгі уақытқа қосылған минуттарда орын алды.

Қосымша уақыттың екінші минутында «Шахтёр» футболшылары қонақтар қақпасы маңында прессинг ұйымдастырды. Ругая Гаджиева шабуылдың оң қанатында допты тартып алып, айып алаңына пас берді. Александра Набокова допқа «қайшылап» соққы жасауға тырысқанымен, доп оған толық бағынбай, Айсана Зекенге қарай серпілді.

Айсана Зекен мүмкіндікті мүлт жібермей, допты қақпа маңдайшасының астынан дәл бағыттап, есеп ашты! Осы гол Бауыржан Жаров шәкірттеріне Қазақстан чемпионатының 17-турында маңызды жеңіс сыйлады.

 

Наверх