«Шахтёр» W командасының бастапқы құрамында алаңға мына ойыншылар шықты: Алина Комарова, Владлена Гавриш, Гүлназ Амангелдинова, Диана Жақсыбекова, Ругая Гаджиева, Александра Набокова, Ксения Сандер, Диана Нақыпбек, Жансұлу Нұрғазина, Малика Сәрсен, Олеся Шаповалова.

Қарағандыдағы өткен матчтан кейін «Шахтёр» футболшылары есе қайтаруға бел буып, ойынның алғашқы минуттарынан бастап шабуылға шықты. 6-минутта Диана Нақыпбек оң қапталдан өтіп, айып алаңына кіріп, өткір бұрыштан күшті соққы жасады — қарсылас қақпашысы бұл соққыға тосқауыл бола алмады, есеп 1:0.
Голдан кейін қонақтар қысымды күшейтіп, жоғары прессинг қолдануды жалғастырды. «Алтай» ойыншылары мұндай қарқынға әрдайым төтеп бере алмай, жиі ереже бұзуға және қатаң ойын көрсетуге мәжбүр болды. Эпизодтардың бірінде Ксения Сандер жарақат алып, оның орнына Анастасия Зеленина шықты. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.
Екінші таймда алаң иелері белсенді бастады және алғашқы минуттарда бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырды. «Шахтёрдың» қақпашысы Алина Комарова сенімді ойын көрсетіп, қақпасын голдан аман сақтады. 47-минутта қонақтар қақпасына пенальти белгіленді, алайда Комарова тағы да командасын құтқарып, соққыны қайтарды.

Екінші таймның ортасына қарай ойын теңесті. Александра Набокова қорғаныста да, шабуылға қосылуда да нәтижелі ойын көрсетті. Диана Нақыпбек белсенділігімен көзге түссе, Малика Сәрсен бірнеше рет соққы жасауға мүмкіндік алды.
Бас бапкері Александра Алексеевна Рудикова болып табылатын «Шахтёр» W командасы басымдылығын сақтап, матчты жеңіспен аяқтады — 1:0. Бұл маусымдағы алғашқы жеңіс болды.

Шахтёр
Экибастуз
