Команда құрамының негізін 2005–2010 жылы туған жергілікті тәрбиеленушілер құрайды. Олар — клуб жүйесінде дайындықтан өткен, ересектер деңгейінде өздерін көрсетуге дайын талантты футболшы қыздар. Құрамды күшейту мақсатында командаға Астанадан екі футболшы қосылды.

Әйелдер командасы алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, физикалық және тактикалық дайындықтың негізі қаланды. Қазіргі уақытта ұжым сәуір айының ортасына жоспарланған екінші жиынға дайындалуда.
Маусымның алғашқы матчы Қарағандыда өтеді. «Шахтердің» қарсыласы семейлік «Елімай» командасы болады.

ҚПЛ-да әйелдер командасының өнер көрсетуі — клубтың даму жолындағы маңызды қадам. Бұл бастама әйелдер футболын дамытуға, оны кеңінен насихаттауға және жергілікті ойыншылардың әлеуетін ашуға бағытталған.

«Шахтер» өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, заманауи әрі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары футбол клубы ретіндегі ұстанымын нығайта түсуде.

Шахтёр
Түркістан
