Клуб жаңалықтары

25 November, 18:06

«ШАХТЕР» ФУТБОЛ КЛУБЫ ЖЕКЕМЕНШІККЕ ӨТТІ

Бүгін Қарағандының «Шахтёр» футбол клубын сату бойынша сауда өтті. Бұл – Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту және футболды коммерцияландыру қажеттілігі жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды. Аукционда клубты Freedom Holding Corp. тобына кіретін, қазақстандық кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі компания сатып алды.

«Шахтёр» футбол клубын трансформациялау мен нығайтудың жаңа кезеңі басталады. Қарағанды облысының әкімдігі белгілі кәсіпкер Тимур Турловпен бірлесіп аймақта жаңа футбол экожүйесін қалыптастыру жұмыстарын бастап кетті. Жалпы осы бағытқа 18,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 12 млрд – кәсіби футбол академиясын салуға, 6,5 млрд – өңірдегі балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамытуға бағытталған.

Қарағандыда жаңа футбол академиясы салынады. Онда 3500 орындық заманауи стадион, жыл он екі ай жұмыс істейтін жабық манеж және толық өлшемді футбол алаңы болады. Спорттық инфрақұрылым қалалар мен ауылдарда да дамытылады.

Ерекше назар кадр даярлауға аударылады: жаттықтырушыларға арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары, оның ішінде халықаралық тағылымдамалар мен UEFA лицензияларын алу мүмкіндігі қарастырылған.

Наверх