«Кеншілердің» бастапқы құрамында алаңға Артем Назаров, Нұрым Еркенұлы, Арлан Алтыбаев, Мұхамеджан Бақытжан, Арлан Ораз, Малик Сабитов, Максим Бонет, Темірлан Байболатов, Әлихан Кәрім, Нұрислам Қуанбаев және Никита Духов шықты.
Есеп матчтың 8-минутында ашылды. Бұрыштамадан асырылған доптан кейін Никита Духов баспен дәл әрі қуатты соққы жасап, допты қақпа торына тоғытты да, «Шахтерді» алға шығарды.

Арада төрт минут өткенде алаң иелері таразы басын теңестірді. Бұрыштамадан кейін «Ертіс» ойыншылары Артем Назаровқа қақпадан шығып ойнауға мүмкіндік бермей, есепті 1:1-ге жеткізді.
Одан кейін гол соққан тек қарағандылықтар болды. Кездесудің 21-минутында Максим Бонет пенальтиді орындап, «кеншілерді» қайтадан алға шығарды.

70-минутта Никита Духов дубль авторы атанды. Ол айып алаңының сыртынан тамаша соққы жасап, допты қақпаның тоғыздығына дәл бағыттады – 3:1.
Матчтың соңғы нүктесін команданың үздік сұрмергені Максим Бонет қойды. 75-минутта ол қарсыласынан допты тартып алып, оң қапталмен айып алаңына еніп, жақын бұрышқа дәл соққымен матчтың қорытынды есебін белгіледі – 4:1.
Осылайша, «Шахтер» U-16 командасы Павлодарда өткен кездесуде ірі есеппен сенімді жеңіске жетті.

Тобыл М
Шахтёр


