«Кеншілердің» негізгі құрамында алаңға Байжан Асхат, Меирлан Балтабаев, Данил Золкин, Жәнібек Жайлаубек, Дамир Юсупбеков, Расул Акимов (к), Даниял Назаров, Дигдар Омаров, Рустам Юсупов, Илья Гезик және Ален Пак шықты.
Кездесу барысында алаң иелері ойын тізгінін өз қолында ұстап, қорғаныста да, шабуылда да сенімді өнер көрсетті. Матчтың басты кейіпкері команда капитаны Расул Акимов болды.
27-минутта ол команданың шабуылын сәтті аяқтап, есеп ашты. Ал екінші таймның 53-минутында капитан дубль авторы атанып, қонақтар қақпасына тағы бір гол соқты — 2:0.
Осы жеңістің арқасында «Шахтер» U-18 QJ League турниріндегі сәтті сериясын жалғастырып, турнир кестесіндегі маңызды ұпайларын еншіледі.

Шахтёр
Ақтобе Жас
