Ксения Карпова 1997 жылдың 17 қазанында Витебск қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабын «Витебск» футбол клубында бастап, аталған команда сапында 70-тен астам матч өткізді. 2023 жылы орталық қорғаушы «Днепр-Могилев» әйелдер футбол клубының қатарына қосылды. Ал 2026 жылдан бастап «Нафтан-Новополоцк» ЖФК құрамында өнер көрсетті.
Енді Ксения «Шахтердің» намысын қорғайтын болады.
Ксения, командамызға қош келдің! Саған сенімді ойын, жарқын жеңістер, жаңа жетістіктер және «Шахтер» сапындағы сәтті өнер көрсетуді тілейміз!

Ақтобе Жас
Шахтёр


