Клуб жаңалықтары

7 April, 21:12

ДМИТРИЙ РЫЖУК "АСТАНАНЫ" ҚАЛАЙ ЖЕҢГЕНІ ТУРАЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

"Шахтер" футбол клубының қорғаушысы Дмитрий Рыжук "Астана" командасын қалай жеңгені туралы пікір білдірді

 - Жеңіске жетуге не себеп болды?

-  Барлық ойыншылардың беріліп ойнағаны қатты білінді. Біз үш ойыннан кейін жанкүйерлеріміздің алдында оларға жеңіс қарыз екенімізді түсіндік. Бұл жағдай командаға ұнамады, жігіттермен сөйлестік және бір нәрсені өзгерту керек деп шештік. Бүгін әр ойыншы барлық күшін салып, "Астананы" жеңді. 

- Жаттықтырушының ауысуы ойынға әсер етті ме?

 - Жаттықтырушының ауысуы әрқашан эмоциялардың өзгеруіне әсер етеді және бұл шешуші рөл атқарған болуы мүмкін. Жаттықтырушы тактикасын өзгертті және әркім өзінің негізгі құрамда ойнауға лайық екенін дәлелдегісі келді. Барлық күшімізді салып жеңіске жеттік!

 

insporttv.kz

Наверх