Клуб жаңалықтары

15 December, 11:23

ДМИТРИЙ ОГАЙ — «ШАХТЕР» КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАҢА БАС БАПКЕРІ

Қарағандыда Freedom Holding Corp. пен Қарағанды облысының әкімдігі арасында өңіріміздегі кәсіби футболды дамытуға бағытталған меморандумға қол қою жиынында «Шахтер» футбол клубының жаңа бас бапкері таныстырылды. 

Бұл қызметке Қазақстандағы ең лауазымды мамандардың бірі Дмитрий Огай тағайындалды. Ол жаттықтырушылық мансабында екі рет Қазақстан чемпионатын жеңіп алып, бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болған. Сондай-ақ Қазақстан Кубогы мен Еуропаның Интертото кубогының иегері.

«Осындай ауқымды әрі жоғары жобаның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Біз «Шахтерді» бұрынғы биігіне қайта шығару үшін бар күшімізді саламыз. Бай тарихы бар клуб қайтадан Премьер-лига медальдары үшін күресіп, еурокубоктарда ойнауға әбден лайық. Бұл жолда бізге дарынды жергілікті жастар үлкен көмек көрсететініне сенемін. Алда атқарылар жұмыс көп, маусымаралық кезеңді барынша тиімді пайдалануға тырысамыз. Клуб басшылығына көрсеткен сенімі үшін алғыс айтамын», – деді Дмитрий Огай.

Наверх