Бастапқы құрамда Қарағанды «Шахтёр» академиясының тәрбиеленушілері Никита Килджиев пен Дигдар Омаров алаңға шықты. Омаров 18 және 51-минуттарда гол соғып, матчтың қаһарманы атанды
Екінші таймда алаңға Данил Золкин, Мейірлан Балтабаев және Расул Акимов қосылды. Сонымен қатар, жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылар штабына «Шахтёр» U-17 командасының бас бапкері Игорь Солошенко да кіреді.
Келесі ойынын команда 20 ақпанда Беларусь U-17 құрамасына қарсы өткізеді. Жігіттерге сәттілік тілейміз!


Шахтёр
Түркістан
