Жаңалықтары академия

30 July, 15:17

АСТАНАДАҒЫ ТАРТЫСТЫ КЕЗДЕСУ

QJ League W турнирінің 7-туры аясында «Шахтёр»-2010 (W) командасы сырт алаңда елордалық «Астана»-2010 (W) командасымен кездесті. Тартысқа толы әрі нәтижелі өткен матчта «кенші қыздар» 3:4 есебімен есе жіберді.

«Шахтёр»-2010 (W) командасының бастапқы құрамы: Айым Диханбай, Валерия Друзь, Арина Ишутина, Адэми Калиева, Дария Төлегенова, Мария Мамонтова, Зайлин Ерсаин, Дарья Зубенко, Дарья Мартьянова, Дарина Исатаева, Александра Хан.

Бірінші таймда алаң иелері екі мәрте мергендік танытты. Ал «Шахтёр»-2010 (W) сапынан 41-минутта Дария Төлегенова бір голмен жауап қайтарып, есеп айырмасын қысқартты.

Екінші таймның 64-минутында Дария Төлегенова дубль авторы атанып, таразы басын теңестірді – 2:2. Алайда кездесудің соңғы минуттарында алаң иелері қонақтардың қорғаныстағы қателіктерін тиімді пайдаланып, бес минут ішінде екі гол соқты.

Матчтың негізгі уақытына қосылған минуттарда Александра Хан есеп айырмасын қысқартқанымен, таразы басын теңестіруге уақыт жетпеді. Нәтижесінде кездесу «Астана»-2010 (W) командасының 4:3 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Наверх